Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Емхана

Мемлекеттік күзет қызметінің медициналық қамтамасыз етілуі госпиталь негізінде іске жүргізіледі, онда қызметкерлер мен әскери қызметшілерге, соңдай-ақ отбасы мүшелеріне – амбулаторлық-емханалық көмек және стационарлық ем көрсетіледі.

Науқастарды жоғарғы, бірінші және екінші санатты дәрігерлер жүргізеді. Госпитальдің дәрігерлік штатына  терапевттер, хирургтер, оториноларинголог, тіс дәрігері, невропатолог, психолог, кардиолог, эндокринолог, пульмонолог, уролог, гинеколог, психиатр сынды білікті мамандар қызмет етеді.

Мемлекеттік күзет қызметі госпиталінің кабинеттері қазіргі заманауй талаптарға сай диагностикалық құрылғылармен жабдықталған: рентген-аппараты, ультрадыбыстық диагностикалық жүйе, фиброгастродуоденоскопия аппараты, ЛОР-комбайн, стоматологиялық құрылғы.

Дәрігерлер мен фельдшерлер рәсімдік шараларда және спорттық іс-шараларда, оқу орталығына шығу кездерінде медициналық қамтамасыз етеді.

Госпитальдің медициналық қызметкерлері үнемі біліктілік курстарынан өтіп, білімдерін жетілдіріп тұрады.

Ведомстволық медициналық мекеме негізінде өзіндік әскери-дәрігерлік комиссия құрылды.