Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Президенттік оркестр

Президенттік оркестр –«Республикалық ұлан туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының протоколдық, дипломаттық, мемлекеттік және өзге де                    іс-шараларының музыкалық бөлімін қамтамасыз ету үшін құрылды.

Президенттік оркестр

ҚР МКҚ Президенттік оркестрінің ауқымды аудиториясы бар, өз елімізде  және республиканың аумағынан тыс жерлерде бедел-ажарға ие болды. Оркестрдің потенциалдық мүмкіндіктеріорасан зор. Президенттік оркестр өзінің стилі, қолтаңбасы және бет-әлпеті бар шығармашылық ұжым.Ол Қазақстан Республикасын республиканың музыкалық және мәдени өміріне белсене қатысатын және халықаралық музыкалық аренада ұсынатын бірыңғай организм. Барлық іс-шараларда жоғары кәсіби шеберлікті, музыкалық аспаптарда шебер орындауды паш етеді.Оркестрдің музыканттары жоғары руханилығымен, адамгершіліктерімен, өз музасы мен халқына қызмет ету ынтасымен ерекшеленеді.

Президенттік оркестрге халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері» Құрмет атағының, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің айрықша белгісі медалінің иегері, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы әскери-дирижерлік факультеттің түлегі, полковник Бердіғұлов Талғат Айджанұлы басшылық жасайды.

Қазіргі уақытта Президенттік оркестр – құрамына бірқатар шығармашылық ұжымды біріккен.Олар: халықтық ансамбль, үрмелі аспаптар оркестрі, камералық ансамбль,  ән және эстрада ансамблі, би ансамблі. Президенттік оркестрдің концерттерінде әрдайым лық толы залда және өте жоғары дәреже өтетінін мақтанышпен айтуға болады.

Президенттік оркестр

Оркестрдің жанрлық диапазоны да кең көлемді, ауқымды. Бұл:

1) домбра музыкасының барлық стильдері мен бағыттарын (шертпе, төкпе) қамтитын халықтың музыка, Қазақстан өңірлерінің Батыс, Орталық, Оңтүстік дәстүрлі мектептері, фольклорлық-этнографиялық аспаптар (саз-сырнай, сыбызғы, жетіген, қыл-қобыз, шертер, домбыра) кіретін халықтық ән айту;

2) классикалық музыкадан бастап заманауи партитураларды қоса алғанда әлемдік классикалық музыка;

3) джаз музыкасы (дәстүрлі және заманауи);

4) үрмелі аспаптар оркестрінің репертуары да әртүрлі. Олар – әлемнің барлық елдерінің әнұрандары, марштары, би-көңіл көтеру музыкасы, Қазақстан композиторларының шығармалары;

5) би ансамблі, оның репертуарында әлем халықтарының билері бар;

6) Президенттік оркестрді республикалық және халықаралық фестивальдерде ұсынатын талантты жастардан тұратын эстрадалық музыка.

Президенттік оркестр

Үрмелі аспаптар оркестрі Президенттік оркестрдің ірі шығармашылық ұжымдарының бірі болып табылады.

Елімізге келген ресми қонақтар ұшақтан түсіп келе жатқаннан-ақ Президенттік оркестрдің ел басшыларының президенттік фанфарлары мен әнұрандарын үрмелі аспаптарда шебер ойнауынан республикамыз туралы  алғашқы  әрі өте жоғары пікірді  қалыптастыратыны сөзсіз.

Жыл сайын Рессей Федерациясының Мәскеу қаласында «Спасск мұнарасы» атты Халықаралық әскери-музыкалық фестиваль өтеді.  Оған Еуропа, Азия және Таяу шығыс елдерінің әскери-музыкалық ұжымдары қатысады.

ҚР МКҚ Президенттік оркестрі барлық қатысушылардың арасында ең көрнектісі болды.

Осы жылы Фестиваль шеңберінде Қызыл алаңда 5 концерттік қойылым көрсетілді және «Сокольники» саябағында Президенттік оркестр 1 қойылымын жиналған қауым тамашалап, жоғары бағалады.

Біздің оркестрдің өнері Фестивальді ұйымдастырушылар мен қатысушыларды, сондай-ақ Мәскеу қаласының тұрғындары мен қонақтарын таң қалдырды.

Президенттік оркестр

Рессей Федерациясының Президенттік полкінде ҚР МКҚ құрмет қарауыл ротасының және Президенттік оркестрдің әскери қызметшілері Рессей Федерациясы Президенттік полкі мен Президенттік оркестрі әскери қызметшілерінің қызмет атқаруымен және тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Әскери-оркестрлік қызметтің бастығы - РФ Қарулы Күштерінің бас әскери дирижері генерал-майор В.М.Халиловпен  кездесу болды. Генерал-майор В.М.Халилов біздің ұжымның өнеріне жоғары баға берді, бұл ретте музыкалық сүйемелдеудің және сценарийдің жалпы бағыт-бағдарының дұрыс таңдалынғанын атап өтті.

Қатысушылардың құрметіне Кремльдің Үлкен Сарайында салтанатты қабылдауда Фестиваль Дирекциясы Президенттік оркестрдің әскери-музыкалық ұжымының шеберлігіне жоғары баға берді және одан әрі ынтымақтастықта боламыз деген ниетпен үлкен алғысын білдірді.

Президенттік оркестрдің құрамында – «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» Ж.Бақтай, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» - Ж.Шыбықбаев, Д.Таңатаров, А.Балажанова, К.Төленбаева, М. Салықов,  «Мәдениет қайраткері» - Э. Жаңабергенова, «Дарын» Мемлекеттік жастар жүлдесінің лауреаты – Президенттік оркестрдің халықтық ансамблі, халықаралық және республикалық конкурстардың басқа да лауреаттары бар.