2015 жылдың 30 мамырында сағат 10.00-де Алматы қаласында 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Мемлекеттік күзет қызметінің "Көктем - 2015" маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтеді.
Ант беру рәсімі әскери қызметтің ең маңыздысатысы, әскери қызметшілердің Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстан Республикасының Президентіне деген адалдығын айқындайтын патриоттық мәні зор салтанатты шара.
Салтанатты шараға Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы мен сарбаздардың туған-туыстары қатысады.
Әскер қатарына жаңа қосылған солдаттар қарумен және қарусыз саптық амал-тәсілдерді қолдану шеберліктерін көпшілік назарына ұсынады.
Салтанатты шара құрмет қарауылының әскери қызметшілері мен Президенттік оркестрдің дайындаған плац-концертімен жалғаспақ. Айта кететін жәйт, әскери дефиле Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін кәсіби біліктіліктерін көрсететін ерекше қойылым. Себебі, дәл осы дефиле барысында сарбаздар саптық дайындықтың және қаруды қолданудың асқан шеберлері екендігін айқындай түседі.