Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР МКҚ-дағы қызметке ҚР азаматтарын қабылдау тәртібі және шарттары

ҚР МКҚ-дағы қызметке өзiнiң жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерi, бiлiм деңгейі, денсаулық жағдайы және дене бітімінің дамуы бойынша қабiлеттi Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.

Қызметке мынадай адам қабылданбайды:

  1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
  2. лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар;
  3. өзiнiң мәртебесi мен соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттердi болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
  4. қызметке тұрар алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;
  5. қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
  6. қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
  7. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
  8. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған;
  9. бұрын сотталған немесе ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
  10. арнайы тексеруден өтпеген немесе өзі және жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер берген;
  11. психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан зерттеуден өтпеген;
  12. қызметке тұрған кезде адам және оның отбасы мүшелері табыстары туралы декларацияны тапсырғандары туралы мәліметтер беруге мiндеттi.