Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР МКҚ-да қызметке тұратын ҚР азаматтарына қойылатын талаптар

ҚР МКҚ-да қызметке үміткерлерге мынадай жалпы біліктілік талаптары қойылады:

  1. сотталуының, соның ішінде төленбеген әкімшілік құқық бұзушылықтарының болмауы;
  2. оқу, жұмыс, қызмет, тұрғылықты орындары бойынша жағымды мінездемелері;
  3. лауазымның талаптарына денсаулық жағдайының сай болуы;
  4. тиісті дене күшінің дайындығы, бойы 180 см.-ден төмен болмауы;
  5. лауазымға сәйкес келетін білімінің болуы;
  6. өзінің іскерлік, жеке қасиеттері, білім деңгейі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі бойынша қызмет учаскесіне сай келуі;
  7. әскери дайындығының болуы (үміткердің жоғарғы оқу орындарының әскери кафедрасында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі және Төтенше жағдайлар министрлігінің немесе өзге мемлекеттердің ұқсас құрылымдарының жоғарғы және арнаулы оқу орындарында оқуы, Қарулы күштердегі әскери қызмет өткеруі).