Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен Қызмет жүйесінде заңдылықты, тәртіпті бұзу және жемқорлыққа қарсы ұйымдасқан және тәжірбиелік іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік күзет қызметімен ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары жүзеге асырылуда.

Жеке құрамның тәртіпті, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптарын сақтау жағдайы үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі күшейтілді.

Қызметтің Дербес қауіпсіздік басқармасымен тұрақты түрде жемқорлықтың, басқа да заң бұзушылық белгілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында жедел алдын алу және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. 


Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы

«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (келісім бойынша) – Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) іске асырылуы бойынша; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларына жүргізілген мониторинг және олардың орындалуын бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі есепті жылдан кейінгі 10 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне:
1) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін;
2) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі 25 наурыздан кешіктірмей Жоспардың көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

ҚазақстанРеспубликасының

Премьер-министрі                                                                        К.Мәсімов