Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

ҚР МКҚ Ардагерлер Одағы

Мемлекеттік күзет қызметінің адагерлер Одағы (әрі қарай - Одақ) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына, осы Жарғыға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес құрылған  коммерциялық емес ұйым.

Одақтың қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлерінің қызметін орталықтандыру және үйлестіру, Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлер бірлестіктерінің мүдделерін ұсыну мен қорғалуын қамтамасыз ету, әлеуметтік, рухани мәселелердің оңтайлы шешілуне қолдау көрсету болып табылады.

Одақ қызметінің мақсаты:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен, өзге де мемлекеттік органдар және мекемелермен, шығармашылық одақтармен және ерікті қауымдастықтармен  әдістемелік және практикалық көмек көрсету арқылы байланыс орнату.
  2. Мемлекеттік күзет қызметі офицерлерінің дәстүрлер үрдісінің сақталуына қолдау көрсету, жас буын өкілдеріне патриоттық тәрбие беру, Мемлекеттік күзет қызметіндегі қызмет мәртебесін насихаттау.
  3. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне тәжірибелік тәлім беру, жаңа буын кадрлардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен қазақстандық патриотизм тұрғысынан тәрбиелеуге үлес қосу.
  4. Мемлекеттік күзет қызметі ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне моральдық және материалдық қолдау көрсету.

 

ҚР МКҚ ардагерлер Одағының ресми сайтына сілтеме  http://svsgo.kz/