Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Мақсаттары мен міндеттері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 4 МАМЫРДАҒЫ № 814 ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ЕРЕЖЕ

16. Мемлекеттік күзет қызметінің міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2. күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу;
  4. күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  5. өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
  6. күзетілетін адамдар мен объектілерге қатерлерді болжау және анықтау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөніндегі жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
  7. рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзету;
  8. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президент актілерімен айқындалатын өзге де міндеттер болып табылады.

19. Мемлекеттік күзет қызметі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді. Күзет іс-шараларына қатысу үшін тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарына басшылықты жүзеге асырады. Күзет іс-шараларын өткізу аймағының шекарасын, олардың басталу және аяқталу уақытын, күзет іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, сондай-ақ оны өткізуге қатысу үшін тартылған күштер мен құралдардың құрамын айқындайды;
  2. жедел-іздестіру іс-шараларын өткізеді, жүктелген міндеттерді орындау үшін ақпараттық-талдау жұмысын жүргізеді;
  3. Мемлекеттік күзет қызметінің құзырына енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентін, Үкіметі мен мемлекеттік органдарын хабардар етеді;
  4. Мемлекеттік күзет қызметінің ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  5. ведомствоның және құрылымдық бөлімшелердің жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметін ведомстволық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  6. арнайы тексеру жүргізу арқылы қызметке кәсіби іріктеуді ұйымдастырады, Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларын негізінен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлері арасынан жасақтайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларына қызметке келетін адамдарды зерделеуге және арнайы тексеруден өткізуге Мемлекеттік күзет қызметіне жәрдем көрсетеді;
  7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес, шет елдердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады;
  8. техникалық барлау құралдарына қарсы іс-қимыл және ақпаратты техникалық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  9. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық және өзге де байланыс түрлерімен қамтамасыз етеді;
  10. күзетілетін адамдардың авиация, автомобиль және басқа да көлік түрлерімен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Күзетілетін адамдардың жүріп-тұру маршруттарын (бұдан әрі - арнайы трассалар) айқындайды, күзетілетін адамдардың жүріп-тұруы үшін бөлінген авиация, автомобиль және басқа да көлік түрлерінің қозғалыс қауіпсіздігі саласында қолданылатын қағидалардың, нормативтер мен стандарттардың сақталуын бақылайды. Күзетілетін адамдардың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Мемлекеттік күзет қызметінің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады;
  11. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, күзетілетін адамдарды медициналық қамтамасыз етумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қатысады;
  12. жедел есепке алуды және ақпараттық жүйелерді құрады және қолданады;
  13. өз өкілеттігі шегінде шифрлау жұмысын ұйымдастырады және орындайды;
  14. күзет іс-шараларын өткізу кезінде радиоэфирге мониторинг жүргізеді;
  15. күзетілетін объектілерде және күзет іс-шараларын өткізу аймағында белгіленген тәртіпте өткізу режимін жүзеге асырады. Күзетілетін объектілерге және күзет іс-шараларын өткізу аймағына алып кіруге тыйым салынатын нәрселер мен заттардың тізбесін айқындайды;
  16. күзетілетін объектілердің аумағында және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарылғыш құрылғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру және жою жөніндегі іс-шараларды, жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы құқыққа қайшы іс-әрекеттерді іске асыруға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
  17. мемлекеттік органдармен бірлесіп, күзетілетін объектілерде, сондай-ақ күзетілетін адамдар баратын орындарда және оларға іргелес аумақтарда санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  18. Мемлекеттік күзет қызметінің объектілерін күзетуді және қорғауды қамтамасыз етеді. Өз объектілерін күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару тәртібі Мемлекеттік күзет қызметінің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады;
  19. мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
  20. күзетілетін объектілерде, оларды орналастыруға арналған режимдік аумақтар аймақтарында, арнайы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда барлық жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізуді келіседі;
  21. Мемлекеттік күзет қызметін жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық және қамтамасыз етудің басқа да түрлерін, оның ішінде қызметкерлер мен әскери қызметшілерді тамақтандыруды, оның қарамағындағы ғимараттар мен имараттарды салуды, жаңғыртуды және жөндеуді, тұрғын үйді және казармалық-тұрғын үйді салуды, жөндеуді ұйымдастырады;
  22. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1999 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕДЕГІ № 416-I ЗАҢЫ Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті

Терроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетілуге жататын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар өткізіледі;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2000 ЖЫЛҒЫ 20 ШІЛДЕДЕГІ N 83 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы

6-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын күзету

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін — Елбасын күзету Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне жүктеледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1995 ЖЫЛҒЫ 3 ҚАЗАНДАҒЫ N 2483 ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы

2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi

Мыналар:

  1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  2. күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
  3. күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  4. өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
  5. күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
  6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.

8-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң мiндеттерi

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң мiндетi:

  1. күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қолсұғатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың жолын кесу; бұлардың ықтимал жасалуына ықпал ететiн мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегiнде оларды жою үшiн шаралар қолдану;
  2. құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйде не денсаулығы мен өмiрiне қауіпті өзге де жағдайда болатын күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету. Күзетiлетiн адамдарға медициналық қызмет көрсетумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге өз құзыреті шегінде қатысу;
  3. күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жөніндегі мәлiмдеулердi, хабарларды және келiп түсетін өзге де ақпаратты қабылдап алу, заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану;
  4. күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен iздестiруде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету;
  5. күзетiлетiн адамдардың күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
  6. күзетiлетiн адамдардың көлiктiң барлық түрiнде жүрiп-тұру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың жүрiп-тұруы үшiн бөлiнетiн автомобиль және басқа көлiк құралдарының жүрiс қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген белгiленген ережелердi, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау;
  7. авариялар, апаттар, өрт, табиғат зiлзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезiнде күзетiлетiн адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың жеке мүлкiн және күзетiлуге тиiс әрi қараусыз қалған өзге де мүлiктi күзету жөнiнде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген ретте заңға сәйкес күзетiлетiн адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнiң қамтамасыз етiлуiне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезiнде күзетiлетiн адамдарға қатысты карантиндiк шаралар жүргiзiлуiне қатысу;
  8. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ оның ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалады;
  9. азаматтарға, кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлiгi мен үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтiрiлген зиянды белгiленген тәртiппен өтеу.

9-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң құқықтары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн мынадай құқықтар берiледi:

  1. күзетілетін объектілерге кіру (көлікпен кіру) кезінде және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде азаматтарды (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеру, олардың алып жүрген заттарын жете тексеру, көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды, оның ішінде техникалық құралдар қолданыла отырып жете тексеру жүргізу. Күзетілетін объектілерге заттар мен заттектерді алып өтуге тыйым салу. Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайды;
    1. Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде фактілер мен оқиғаларды суретке түсіруді, дыбысжазбаны, кино және бейне түсірілімді жүзеге асыру.
  2. күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қол сұғатын құқық бұзушылықтың жасалуына итермелейтiн жағдаяттарды жою жөнiнде ұсыныстар және (немесе) нұсқамалар енгiзу;
    1. жеке және заңды тұлғаларды тексеруді және оларды күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;
    2. терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;
    3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде анықтау жүргізу;
  3. ұйымдардың, әскери құрамалардың қызметтiк үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлiк, байланыс құралдарын және өзге мүлкiн уағдаластық негiзде пайдалану;
  4. белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардан меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан және әскери құрамалардан өзiне жүктелген мiндеттi орындауға қажеттi ақпаратты сұрату және алдырту;
  5. күзетілетін адамдар келуге арналған үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда, оларға іргелес жатқан аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
    1. күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару, күзет іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ күзет іс-шараларына қатыстыруға тартылатын күштер мен құралдардың құрамын мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындау;
  6. өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң арнайы даярлықтан өткен қызметкерлерiне табель қаруы мен арнаулы құралдар сақтауына, тағынып жүруiне рұқсат беру;
  8. күзет шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн қызметкерлерiн Республикадан тыс жерлерге iссапарға жiберу;
  9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қарауындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, соның iшiнде арнаулы оқу орындарында уағдаластық негiзде кадрлар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру;
    1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
  10. баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру;
    1. Мемлекеттік күзет қызметінің орналасу орнынан тыс жерде уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын айрықшаланған бөлімшелер құру;
  11. күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ұсыну;
  12. Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту;
  13. күзет іс-шараларына қатысу үшін қажет болғанда ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың күштерi мен құралдарын тарту. Мемлекеттік органдарды күзет іс-шараларына қатысуға тарту тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі.

Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады.