Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қызметінің тарихы

Мемлекеттік күзет қызметі өзінің құрылған күнінен бастап еліміздің жоғары басшылығының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету міндеттерін жүзеге асырады.

Осынау аз ғана тарихи қысқа уақытта Мемлекеттік күзет қызметі біздің мемлекетіміз секілді өзінің қалыптасу жолында алуан түрлі кезеңдерді бастан кешірді. Бүгінгі күні ол - өзінің материалдық-техникалық базасы, қару-жарағы, кадрлар даярлау жүйесі мен қазіргі заманда туындап отырған барлық қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге заң аясында барабар қарсы жауап қайтаруға қабілетті дәстүрлері бар мықты мемлекеттік орган.

Күзетілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігі мен елімізге келетін жоғары лауазымды қонақтардың сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақ осы сенімді деңгейі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне абырой-бедел әперді, атап айтқанда, ол басқа мемлекеттердің осы тектес ведомстволары арасында халықаралық деңгейде мойындалды. Тұрақтылық пен жеткілікті деңгейдегі қауіпсіздік Қазақстанда ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ саммиттері, 7-қысқы Азия ойындары, әлемдік діндер лидерлерінің съездері, БҰҰ халықаралық конференциясы және т.б. секілді әлемдік мәні бар кең ауқымды іс-шараларды ойдағыдай өткізуге айтарлықтай деңгейде ықпал етті.

Өзінің бай тәжірибесі мен шетелдік серіктестерінің тәжірибелері негізінде өз Отанының шынайы патриоттары бола отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жоғары білікті кадрлардың нағыз ұстаханасына айналды, өзінің офицерлік парызы мен Қазақстан Республикасы Президентіне - Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа адал болып қала береді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің тарихы
Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің тарихы
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының тарихы