Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің тарихы

КСРО арнайы қызметтерінің тарихы мен тәжірибесінің дамуынан кеңестік мемлекет құрылуының басында жеке күзет пен объектілерді күзетумен қатар күзетілетін адамдардың жұмыс орындарында, тұрғылықты жерлерінде, негізгі мемлекеттік институттарда, сондай-ақ көліктің барлық түрлерінде және жүру арнайы трасса айналасында қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел жұмыс ауқымды түрде дамығаны мәлім. Мысалы, КСРО МҚК ардагері П.Дерябин мынадай фактіні келтіреді: «...Мәскеу қаласының көшелерінде ғана И. Сталин кортежінің қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз ету үшін үш мыңға жуық жария және құпия жедел құрам, сондай-ақ агенттер қатыстырылатын».

Кейінгі жылдары мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі жетілдіріліп, КСРО МҚК-ның 9-басқармасы аясында дүние жүзіндегі ең тиімді арнайы қызметтердің біріне айналды.

Қазақстанның күзет бөлімшелерінің қалыптасуының жаңа кезеңі Қазақ ССР-і басшыларын күзетумен байланысты. КСРО-да СОКП МҚК Саяси бюросының мүшелері күзетілетін адамдар болып табылды, оларды КСРО МҚК-нің 9-басқармасы күзетті.

XX ғасырдың 70-жылдарының ортасында ҚазССР МҚК құрылымында СОКП ОК Саяси бюросының мүшелерін, Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты күзетумен айналысатын 9-бөлім құрылды. 1986 жылы аталған бөлімше құрамында жеке күзеттің бірнеше офицерлері бар топ болып қайта жасақталды. ОК бірінші хатшысы болып Н.Ә. Назарбаев сайланғаннан кейін ҚазССР МҚК-нің 9-бөлімі құрылды.

1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен, әлемдік қоғамдастыққа енуімен және мемлекеттіліктің жаңа демократиялық қағидаттарына көшумен байланысты одақтық республиканың көптеген мемлекеттік басқару органдарын тәуелсіз мемлекеттің басқару органдары етіп қайта құру туралы мәселе қойылды, ал кейбір құрылымдар қайтадан құрылды.

Еліміздің жоғары басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сол кезде МҚК құзыретіне кіретін, Мемлекет басшысының пікірінше, елімізде монополистердің, оның ішінде қауіпсіздік саласында монополистердің болмауы тиіс еді, сондықтан ол өз алдына дербес құрылым құруды ұсынды. Бұл ұсынысқа белгілі бір саяси қарсылық болғанымен, Президент өз пікірінде тұрды. Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз дербес құрылым құру туралы шешім қабылданды.

ҚР Президентінің 1992 жылғы 6 ақпандағы № 598-қө өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (ҚР ПКҚ) құрылды. 1995 жылдың қазанында ҚР ПКҚ құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс агенттігі мен Республикалық ұлан қосылды, кейіннен олар өз алдына дербес ведомстволар ретінде бөлініп шықты. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бірінші бастығы болып генерал-майор Синицин Сергей Викторович тағайындалды. Одан әрі қарай бұл арнаулы органды генерал-полковник Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы, генерал-лейтенант Баекенов Болат Әбдірахманұлы, генерал-лейтенант Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы, генерал-лейтенант Аюбаев Мұхтар Ақатұлы, генерал-майор Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы басқарды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне басшылықты генерал-майор Күреңбеков Амантай Жанкеұлы жасайды.

Қазір өткен онжылдықтарға көз салсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі секілді жаңа органды құру туралы мәселенің қаншалықты өткір қойылғанын көпшілік біле бермейді. Қазіргі жұмыс істеп жатқан ардагерлер мен қызметкерлердің естеліктері бойынша, Қазақ КСР МҚК қатарында 9 бөлімді бөлек құрылым етіп бөліп шығаруға қарсы болғандар көп болған екен. Алайда жалпы халық сайлаған республиканың тұңғыш Президенті ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз дербес құрылым құру туралы шешім қабылдады.

ҚР Президентінің 1992 жылғы 6 ақпандағы № 598-қө өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі құрылды. Өкімде ҚР МҚК күзет бөлімінің (бұрынғы Қазақ КСР МҚК 9-бөлімінің) базасында Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдары басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президенті Аппаратының басшысы мен ҚР Министрлер кабинетіне бағынатын арнайы әскери құрама - Күзет қызметі құрылатыны көрсетілді. Кейіннен Күзет қызметі Мемлекет басшысының тікелей қарауына өтті.

Президент Күзет қызметінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 30 сәуірдегі № 403-2 қаулысымен ҚР МҚК күзет бөлімінің қызметкерлері қайтарымсыз негізде қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа да әскери мүлік тиесілік табелімен Президент Күзет қызметінің қарауына іссапарға жіберілді.

Кейіннен, 1995 жылғы қазанда ҚР ПКҚ құрамына ҚР ҰҚК Үкіметтік байланыс агенттігі мен Республикалық ұлан енгізіліп, кейіннен олар қайта бөлініп шықты. 1997 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Президенттің Күзет қызметі толығымен жаңа астанаға көшірілді.

Президенттің күзет қызметі өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы мен «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Президент бекіткен тізбе бойынша мемлекеттің өзге де жоғары лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігін, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшылары мен халықаралық ұйымдардың басшыларының Қазақстан Республикасы аумағына келген кезеңдегі қауіпсіздігін тұрақты қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын арнайы әскери құрылым болды.

Күзет қызметінің алдында тұрған міндеттер «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Заңда нақты белгіленген болатын, олар:

  • күзетілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардан сақтандыру және жолын кесу;
  • күзетілетін адамдардың меншігін күзету, қызметтік үй-жайларда және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • күзетілетін адамдар мен объектілерге төнген қатерді болжау және анықтау, одан сақтандыру мен залалсыздандыру жөніндегі жедел шаралар жиынтығын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары мен кәсіптік этиканы құрметтеу принциптеріне сәйкес құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі өзінің алдында тұрған міндеттерді басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бірлесе отырып шешті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жұмысының құқықтық негізін Конституция, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрады.

Күзет қызметі өте қысқа мерзім ішінде құрылып, қалыптасты. «Керіліп-созылуға» уақыт болған жоқ, қызметкерлер тәжірибені жұмыс барысында жинақтады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу, әлемдік қоғамдастық мүшесі ретінде өзін-өзі айқындау, ел басшылығының қызу түрде халықаралық байланыстар орнату кезеңі болатын. Бұл кезеңде шетел мемлекеттері басшылары бірінен соң бірі сапарлармен келіп жатты. Қатаң кестемен жұмыс істей отырып, Президент Күзет қызметінің ұжымы қажетті дағдылар мен шеберлікке қол жеткізіп, тәжірибе жинақтады. Президенттің Күзет қызметі аз ғана мерзім ішінде күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өз жүйесін құра отырып, өз алдына дербес мемлекеттік құрылым болып қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі - элиталық әскери құрылым. Бірақ қандай да бір артықшылықтары мен жеңілдіктері бойынша емес, ең алдымен, оның шешетін міндеттері бойынша, өйткені мемлекеттің қауіпсіздігі дегеніміз - ең алдымен, оның бірінші тұлғасының қауіпсіздігі.