Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының тарихы

«Ұлан» термині Италияда (XII ғ.) пайда болған және мемлекеттік туды күзету үшін іріктелген жасақты білдірген. Кейін ұлан Францияда (XV ғ.), Англияда, Швецияда, Пруссияда (XVII ғ.), Түркияда, Жапонияда (IX ғ.) және басқа елдерде пайда болған. Ресейде бірінші ұландық полктер (лейб-ұлан) Преображенский и Семеновский полктерін I Петр XVII ғасырдың 80-жылдары құрылған.

Қытай жазбалары, мысалы, түрік қағандарында біздің заманымызға дейінгі V-VII ғасырларда жеке әскердің болғанын куәландырады. Қытайлықтар оларды «фули» деп атаған, ол түрік сөзінің «бори» деген сөзінен шыққан. Борилықтардың халаттарының түсі ерекше болған және онда қасқырдың басы суреттелген.

Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей (ХV ғ.) және олардың мұрагерлері – Есім, Қасым, Тәуке хандардың қазіргі заманғы түсінік бойынша ұландықтар деп аталатын әскері болған. Оларға ханға адал, ақсүйектердің бозбалалары мен жеткіншектерін қабылдаған. Ұланның міндетіне хан отбасын қорғау, хан ордасын күзету, жол жүргенде ханға ілесіп жүру, көршілерден елші келгенде рәсімдік дәстүрлерді орындау кірген. Атты ұландықтардың пайда болуын тарихшылардың ойы бойынша хандар ру басшыларының қызметін, яғни әкімшілік және әскери өкілдіктерді атқарған деп түсіндіреді.

Ханның ұланында мыңдықтан он мыңға дейін атты әскер болды. Олар шаруалардың салықтарының есебінен ұсталған.

1991 жылғы тамыз айындағы оқиға ССРО-ның құлауын және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын жеделдетті. Осы күрделі кезеңде қазақстандық мемлекетті демократиязациялау шеңберінде Қазақ ССР Президентіне, республикадағы жоғарғы атқару және өкімдік биліктің басшысы ретінде құқық беру қажеттілігі туындады.

1991 жылғы 1 желтоқсанда тарихта алғашқы рет Қазақстан Республикасының Президентін жалпы халық болып сайлады. Халықтың демократиялық ерік білдіруінің нәтижесінде ол - Н.Ә. Назарбаев болды.

Республикада мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар қайта құрылды.

1991 жылғы 10 желтоқсанда жалпы халық болып сайланған бірінші Президент Н.Ә. Назарбаев қызметіне кірісті. Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады, ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының демократиялық мемлекет ретінде өз аумағында толық билігі бар, өз бетімен ішкі және сыртқы саясатты белгілейтін және жүргізетін мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды.

«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 16 наурыздағы № 673 Жарлығымен Республикалық ұланның бригадасы құрылды. Республикалық ұланның негізгі міндеттері: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік нышандарын күзету, аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету болып табылды.

1992 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің базасында Республикалық ұланның бригадасы құрылды. Оны полковник Б.Б. Жаңасаев жасақтады.

Республикалық ұлан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери құрамаларының бұрынғы ССРО-ның әртүрлі аймақтарынан және шығыс Еуропаның кеңестік әскерлері топтарынан келген үздік офицерлерімен жасақталды. Республикалық ұланға шақырушыларды іріктеу жіті және жан-жақты жүргізілді, сонымен қатар кандидаттарға қатаң талап қойылды.

1992 жылдың тамыз айында ЦСКА стадионында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа құрамында үкіметтік күзет батальоны, құрмет қарауыл ротасы және үрмелі аспаптар оркестрі бар Республикалық ұлан ұсынылды.

Ұландықтар Мемлекет басшысына қоян-қолтық ұрыстың амалдарын көрсетті. Президент әскери қызметшілердің нышандары мен киім үлгілерінің жобаларымен танысты. Кездесу соңында Республикалық ұланның бөлімшелері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алдынан салтанатты маршпен алғаш рет өтті. Осы кезеңнен бастап әскери ант қабылдауға дайындық басталды.

Сонымен, 1992 жылдың аяғында Республикалық ұлан 134 адам санындағы офицерлермен жасақталды. Негізін Кеңестік Армияда әскери қызмет атқарған офицерлер және 1992 жылғы көктемде және күзде мерзімдік қызметке шақырылған 1000 адам шамасындағы әскери қызметшілер құрады. Осы құрамда 28 батыр-панфиловшылар паркінде 1992 жылғы 16 желтоқсанда Республикалық ұланның жеке құрамы Қазақстан Республикасының Президенті мен халқына адал болу туралы әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдауға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев және мемлекет қайраткерлері қатысты.

1992 жылғы 30 желтоқсанда Республикалық ұланның әскери қызметшілері Алматы қаласында салынып жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясын тәулік бойы күзетуге қабылдап алды.

1993 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының және Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын тәулік бойы күзетуге және Президенттің Резиденциясын сырттай күзетуге қабылдап алды. Осыған байланысты жауапкершілік пен негізгі жүктеме үкіметтік күзет батальонына түсті, өйткені объектілердің саны біртіндеп өсті. Оған бөлімшелердің кіші офицерлерімен жасақталмауы да әсер етті.

Жауынгерлік даярлық міндеттерін табысты орындауға және қарауылдарда қырағы қызмет атқаруға әскери қызметшілердің жақсы дамыған денешынықтыру даярлығы әсер етті. Жауынгерлердің жақсы денешынықтыру даярлығына жоспарлы сабақтарда ғана емес, кеңінен жүргізілген спорттық-бұқаралық жұмыстардың арқасында қол жеткізілді.

Ұландықтардың өмірі тек қызметтік және жауынгерлік даярлықпен шектеліп қойылған жоқ. Ұланда әскери қызметшілердің жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған, қолбасшылық Алматы қаласының мәдени-ағарту мекемелерін барынша пайдаланды. Бөлімше командирлері ай сайын «Медеу» мұз айдынына және «Шыңбұлақ» таушаңғы базасына жаяу жорық жасауды ұйымдастырады. Жауынгерлік туды табыс ету ұландықтардың өмірінде атаулы оқиға болды. 2001 жылғы 11 шілдеде салтанатты жағдайда Президент Н.Ә. Назарбаев 0111 және 0112 әскери бөлімдердің командирлеріне (полковник М.Т. Махатовқа және подполковник Б.С. Әбжановқа) әскери бөлімнің, атақ пен даңқ нышаны ретінде Жауынгерлік Туды табыс етті. Ол әрбір әскери қызметшіге өз Отанына адал қызмет етуді, оны батылдықпен және шебер қорғауды есіне салады.

Республикалық ұланның бөлімдеріне Жауынгерлік туды тапсыру кезінде Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Осы ту астында көп ғасырлық әскери дәстүрлер нығайып, жаңа дәстүрлер дамиды» - деп сенімін білдірді. Осы жерде Мемлекет басшысы: «Республикалық ұлан – бұл Қазақстан армиясының берік және үздік бөлімі», - деп атап өтті. Республикалық ұлан әскери реформа жүргізуге белсенді қатысты. Ұландықтар қазақстанда кәсіби армияның бар екенін дәлелдеді.

2003 жылғы 6 мамырда жауынгер-ұландықтарда Республикалық ұлан Қолбасшысы генерал-майор Б.Т. Ысқақовтың шақыруымен атыс қаруының бас конструкторы генерал-лейтенант Михаил Тимофеевич Калашников болды. Әлемге әйгілі Калашников автоматы конструкторының Қазақстанға тікелей қатысы бар. Тапанша-пулеметтің үлгісінің біреуін М.Т. Калашников Алматы облысының Матай станциясында ойлап тауып, істеп шығарған. Конструктордың баласы да Қазақстанда туған.

М.Т. Калашников жаңа казармамен танысып шығып, қызметтік-жауынгерлік іс-қимылға жоғары баға берді. Құрметті қонақтар кітабында қолтаңбасын қалдырды.

Республикалық ұлан әскери бөлімдерінің алдында тұрған өзіндік міндеттер, бөлімнің өз өмір-тіршілігі қазіргі күнде де қызығушылық тудырады. Сонымен, 2003 жылғы 10 маусымда астаналық әскери бөлімге Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.И. Иванов, ТМД елдерінің қорғаныс министрлері келді. Құрметті қонақтар барлық кеңестік заманнан кейінгі кеңестікте осындай бөлімшенің жоқ екенін мойындады.

2003 жылғы 12 қыркүйекте астаналық әскери бөлімде Малайзияның Жоғарғы Ұлы мәртебелі Билік Басшысы Янг Ди-Пертуан Агонг болды. Құрметті қонаққа мерзімдік қызметтің әскери қызметшілері тұратын казарма, Республикалық ұланның жарағында тұрған атыс қаруларының үлгілері және жауынгерлік техника көрсетілді. Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері саптық алаңда «Дефиле» көрсетілімдік қойылымын, ал шұғыл ротаның жеке құрамы қоян-қолтық ұрыс амалдарын көрсетті. Малайзияның Жоғарғы Ұлы мәртебелі Билік Басшысы Янг Ди-Пертуан Агонг әскери қызметшілердің кәсіпқойлығын жоғары бағалады және Малазия шеберлерінің қолдан жасаған екі қанжардан тұратын сувенирлік жинақты бөлімнің жеке құрамына сыйға тартты және құрметті қонақ кітабына жазу жазды.

2004 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 2005 жылғы 5 желтоқсандағы Заң күші бар № 2671 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

2004 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Республикалық ұлан туралы Ереже» бекітілді.

Осы құжаттарға сәйкес, Республикалық ұлан - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздігiн қамтамасыз етушi күштерге жататын және күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк орган деп айқындалды.

Республикалық ұланға мынадай негiзгi мiндеттер жүктелді:

  1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, экс-президенттерi мен олардың отбасыларының және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тiзбе бойынша мемлекеттiң лауазымды адамдарының, сондай-ақ шет елдердiң мемлекет, үкiмет басшылары және халықаралық ұйымдар басшылары Қазақстан Республикасының аумағында болған кезеңiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  2. тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi, сондай-ақ күзетiлетiн адамдар болуы үшiн бөлiнген үйлердi, құрылыстарды, ғимараттар мен оған iргелес жатқан аумақтар мен су айдындарын, әуе кемелерiн, жер бетiндегi көлiктi және су көлiгiн, олардың тұрған жерлерiн күзету;
  3. өз құзыретi шегiнде терроризмге қарсы операцияларға қатысу;
  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының эталондарын күзету;
  5. хаттамалық iс-шараларды өткiзу кезiнде, Қазақстан Республикасының мерекелерi мен салтанаттарында дәстүрлiк рәсiмдердiң атқарылуына қатысу;
  6. әскери және төтенше жағдай режимi кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен iс-шараларды жүзеге асыру жүктеледi.

Республикалық ұланның қызметінің құқықтық негіздемесі мыналар болып табылды:

  1. Осы Заңнан тұратын және Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Республикалық ұлан туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.

«Республикалық ұлан туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Республикалық ұлан қызметінің принциптері белгіленді, онда: «Республикалық ұланның қызметі заңдылық, дара басшылық, жариялылық, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады».

Республикалық ұлан Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің тарапынан үнемі қамқорлықта болды. Өткен кезеңде материалдық-техникалық база елеулі түрде нығайды, объектілерді күзету жүйесі жетілдірілді, ұландықтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

2003 жылы Астана қаласында мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілерге арналған көп салалы казарма пайдалануға берілді, осындай казарма Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде де және ТМД елдерінің Қарулы Күштерінде де жоқ. Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне арналған 40 пәтерлік жатақхана пайдалануға берілді.

Ұланда Қазақстан Республикасы Президентіне және халқына адал қызмет етуге негізделген өзіндік дәстүр, бұрынғы Кеңес армиясы мен егемен Қазақстан армиясының ардагерлері, офицерлері мен прапорщиктері қалдырған теңдессіз тәжірибені игерген дәстүрлер дамыды.

Біздің ұланның әскерлері, олардың алдында тұрған міндеттердің жауапкершілігі мен маңыздылығын түсіне отырып, кез келген уақытта Қазақстан Республикасының егемендігі мен конституциялық құрылымын абыроймен және қадір-қасиетпен қорғауға шығып, Президенттің және халықтың сенімін ақтауға дайын.