Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

Генерал-лейтенант Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

1967 жылдың 7 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан 1987 жылға дейін Орта Азия әскери округінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 1991 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген, сондай-ақ 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып тәмамдаған.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жүйесіне әскери қызметке қабылданып, өзінің еңбек жолын күзет офицері лауазымынан бастады. Мемлекет басшысының жеке күзеті бөлімшесінде офицерлік және басшы құрам лауазымдарын атқарды. 2013 жылғы наурызда ҚР Президентінің Күзет қызметін басқарды.

2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Президент Күзет қызметі мен Республикалық ұланның бірігіп, қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2014 жылғы шілдедеде ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – «Арыстан» қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Арыстан» қызметінің және «Қуат» қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және арнаулы мақсаттағы басқармасының қайта құрылуына және бірігуіне байланысты, «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің Директоры болып тағайындалды.

2019 жылғы 13 маусымда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Елбасы қорғаны», «Ұлттық қауіпсіздіқ комитетінің құрметті қызметкері» төс белгілерімен, сондай-ақ әртүрлі ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР ҰҚК және МКҚ Құрметті қызметкері болып табылады.
Үйленген, үш баласын тәрбиелеп отыр.

← Тізімге қайта оралу