Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Қызметінің құрылымы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) (бұдан әрі – Объектілерді қорғау қызметі) ведомствосы бар.

Объектілерді қорғау қызметі әскери құрама болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді.